CXM TD Markets компаниясын сатып алу арқылы Оңтүстік Африкадағы қызмет аясын кеңейтеді

CXM жаңалықтары
CXM TD Markets компаниясын сатып алады

CXM Group Оңтүстік Африка Республикасының Қаржы секторын қадағалау органы (FSCA) қаржылық қызметтерді жеткізуші ретінде лицензиялаған (FSP 49128), бас кеңсесі Йоханнесбургте орналасқан TD Markets (Pty) Ltd брокерлік компаниясын сатып алу туралы келісімге қол жеткізгенін қуана хабарлайды. Мәміленің қаржылық шарттары жарияланбайды.

Бұл стратегиялық сатып алу бір-бірінің артықшылықтарын толықтыратын екі компанияның әлеуетін біріктіреді. 2015 жылы құрылған TD Markets — бас кеңсесі Оңтүстік Африкада орналасқан жетекші жергілікті брокерлердің бірі. Компания Африка бойынша 50 000-нан астам белсенді клиентке қызмет көрсетеді. TD Markets бұл серіктестікке FSCA лицензиясын, жергілікті нарықта танымал брендін, қалыптасқан клиенттер қауымдастығын және серіктестік желісін қосады. Ал CXM халықаралық ауқымдағы қызметі мен дамыған сауда инфрақұрылымын ұсынады. Екі компанияны ортақ мақсат — Африка бойынша бизнестің өсуін жеделдету біріктіреді.

Бұл сатып алу CXM компаниясына Оңтүстік Африкада реттелетін қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. TD Markets клиенттері CXM компаниясының жаһандық өтімділігі мен сауда технологияларына, ал серіктестері CXM халықаралық серіктестік бағдарламасына қол жеткізеді.

Бұл TD Markets клиенттері мен серіктестері үшін нені білдіреді?

TD Markets бренді, командасы және FSCA лицензиясы сақталады. Мәміле клиенттердің шоттарына, қаражатына және сауда платформаларына әсер етпейді.

  • Оңтүстік Африкадағы клиенттерге бұрынғыдай FSCA қадағалауындағы TD Markets (Pty) Ltd қызмет көрсетеді. Олардың шоттары, қаражаты және қызметті қадағалайтын реттеуші орган өзгермейді.
  • Клиенттердің қаражаты бұрынғыдай бөлек (сегрегацияланған) шоттарда сақталады.
  • Сауда платформалары, жүйеге кіру деректері, шот түрлері және қаражатты шығару рәсімдері өзгеріссіз қалады. Клиенттерге ешқандай қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.
  • Таныстырушы брокерлермен (IB) және басқа серіктестермен жасалған қолданыстағы келісімдер TD Markets компаниясымен бұрынғы шарттар бойынша күшінде қалады.
  • Болашақтағы кез келген өзгеріс туралы FSCA талаптарына сәйкес алдын ала хабарланады.

TD Markets клиенттері мен серіктестері толық ақпаратпен және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптармен tdmarkets.com/cxm сайтында таныса алады.

Күш біріктіру

"Оңтүстік Африка — құрлықтағы қаржы нарығы ең дамыған елдердің бірі. Мұнда, әсіресе алтын саудасы саласында, трейдинг мәдениеті терең қалыптасқан", — деді CXM Group маркетинг жөніндегі директоры (CMO) Андрей Алексеев.

"TD Markets жергілікті нарықта мықты бренд қалыптастырып, білікті мамандар командасын жинады және өзіне сенім артатын трейдерлер қауымдастығын құрды. Біз клиенттер бағалайтын құндылықтарды өзгерту үшін келген жоқпыз. Керісінше, оларды одан әрі дамытуға — өтімділікке, технологияларға және Йоханнесбургтегі жергілікті мамандарға инвестиция салуға ниеттіміз. Бірлесе отырып, Африка бойынша трейдерлер мен серіктестер үшін өсу қарқынын жеделдетеміз".

TD Markets бас директоры (CEO) Амар Рамит былай деді:

"Осы үдеріс барысында біздің басты басымдығымыз клиенттеріміз бен командамыз үшін лайықты ұзақ мерзімді серіктес табу болды. CXM компаниясының мәмілелерді орындау сапасы, сауда технологиялары саласындағы мол тәжірибесі және брендімізді, қызметкерлерімізді әрі FSCA лицензиямызды сақтауға деген ұстанымы оны дұрыс таңдау етті. Клиенттеріміз үшін TD Markets бұрынғы қалпында қалады, бірақ енді оның мүмкіндіктері мен қолдауы әлдеқайда кеңейеді".

Африка нарығындағы өсуді жеделдету

2026 жылы CXM iFX EXPO Dubai көрмесінде «Алтын саудасы бойынша үздік брокер» (Best Gold Trading Broker) марапатына ие болды. Сондай-ақ биыл компания алтынмен тәулік бойы, аптасына 7 күн (24/7) сауда жасау мүмкіндігін іске қосты және сауда шоттарын TradingView платформасына қосты. Мәміле аяқталғаннан кейін CXM мен TD Markets осы мүмкіндіктерді, сондай-ақ CXM компаниясының өтімділік пен мәмілелерді орындау инфрақұрылымын Оңтүстік Африкадағы клиенттерге ұсынуды жоспарлап отыр.

Біз Йоханнесбургтегі команданы дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Бұл команда бизнестің өсуін жеделдетуге және Африка бойынша қызмет аясын одан әрі кеңейтуге негіз болады. TD Markets басшылық командасы өз қызметін жалғастырады, ал Амар Рамит бас директор лауазымында қалады.

TD Markets туралы

TD Markets (Pty) Ltd — Оңтүстік Африка Республикасының Қаржы секторын қадағалау органы (FSCA) лицензиялаған қаржылық қызметтерді жеткізуші (FSP 49128). Компанияның бас кеңсесі Йоханнесбургтің Сандтон ауданында орналасқан. TD Markets Африка бойынша клиенттерге MetaTrader 4 және MetaTrader 5 платформалары арқылы әртүрлі активтермен сауда жасау мүмкіндігін ұсынады.

Трейдинг — әрдайым қолыңызда

Смартфоныңыз, планшетіңіз немесе ноутбугыңыз бар ма? Қай жерде болсаңыз да, стратегияңызды құрып, сауда позицияларыңызды 24/7/365 басқарыңыз. CXM бір ғана батырманы басу арқылы сауданы жеңілдетеді. Өйткені сауда ешқашан тоқтамайды!

CXM trading app on mobile phone showing a XAUUSD gold candlestick chart